«Михаил Бикетов атындағы орта мектеп» КММ-де терроризмге қарсы іс-қимыл шаралары аясында тақырыптық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға қауіпсіздіктің маңыздылығын түсіндіру, қырағылық пен өз өмірі мен айналасындағыларға жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Көрсетілім барысында оқушылар терроризмнің алдын алу шараларымен және төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерімен танысты.Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті, патриоттық сезімді нығайтып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.