
«Михаил Бикетов атындағы орта мектеп» КММ-де ЭКО-челлендж өтті. 🌱Челлендждің мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Оқушылар белсенді қатысып, өз бастамаларын көрсетті: аумақты тазалап, қалдықтарды сұрыптап, пайдалы эко-әдеттермен бөлісті.

