Михаил Бикетов атындағы орта мектеп» КММ-де «Наурыз мейрамы» атты мерекелік іс-шара өтті.Мереке мектеп оқушыларын, ұстаздарын және қонақтарын біріктірген жарқын шараға айналды. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдениеті кеңінен насихатталды. Әндер шырқалып, билер орындалып, түрлі шығармашылық қойылымдар көрсетілді.«Наурыз мейрамы» барша қатысушыларға бірлік пен татулықтың, көктемгі жаңарудың ерекше көңіл-күйін сыйлады.